Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Ресейде орманнан табылған "маугли" бала мен оның әкесі еліне оралды

Жұмыссыз қалған Шухраттың пәтер жалдауға ақшасы болмай, пандемия кезінде елге орала алмаған.

Ресейде орманнан табылған "маугли" бала мен оның әкесі еліне оралды
фото: ferra.ru

Мәскеу облысында қиын жағдайға тап болып, 7 жастағы баласымен орманда тұруға мәжбүр болған өзбек азаматы елге оралды, деп жазды Centralasian.org.

Өзбекстан сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, Шухрат Жалилов пен оның ұлы Амал Жалилов 3 желтоқсанда Мәскеу-Ташкент рейсімен ұшып келген. Әуежайда оларды агенттік өкілдері күтіп алып, тұрақты мекемеге жеткізіпті.

Бұған дейін интернет басылымдар мен әлеуметтік желілерде Мәскеу облысында орманда әкесімен тұратын баланың қаладағы балалар алаңқайына ойнауға келіп жүргені туралы хабарланған. Қазан айының соңында Амалды жергілікті тұрғындар байқап қалыпты. Әкесімен бірге орманда тұратынын айтқан баланы ауруханаға апарып, одан соң оны балалар үйіне орналастырған.

Агенттік мәліметіне қарағанда, Өзбекстанның 1974 жылы туған азаматы Шухрат Жалилов ұзақ уақыт Ресейде өмір сүрген. 2013 жылы оның ұлы дүниеге келіпті. 2020 жылы тамызда баланың анасы қайтыс болады. Жұмыссыз қалған Шухраттың пәтер жалдауға ақшасы болмай, пандемия кезінде елге орала алмаған. 19 қарашада орманнан табылған Амал Жалиловқа Туу туралы куәлік берілді. Жергілікті басылымдар Амалды "Маугли" деп атаған.