"Хиджаб кимейтіндерге алдымен смс хабарлама арқылы ескерту жіберіледі. Смс хабарламадан кейін ескерту кезеңі бар, содан кейін үшінші кезеңде хиджаб кимеген адамның банктік шоты бұғатталуы мүмкін", - дейді Иран парламентінің мәдениет комитетінің мүшесі Хосейн Джалали.
Сондай-ақ Джалали елдегі тәртіпсіздіктердің күшеюі мен бұзақылар және хиджаб кимейтін әйелдер санының артуы арасындағы тікелей байланысты атап өтті.
Оның сөзінше, толқулар тоқтаса, екі фактор бойынша да көрсеткіштер төмендейді.
Джалалидің айтуынша, бір-екі аптадан кейін тәртіпсіздіктер аяқталып, "ирандық әйелдердің жүзіне орамала қайта көрік бере бастайды".