Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Соғысты қолдайтын ресейлік имам қарсылыққа қарамастан Қазақстанға келді

Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдайтын ресейлік дін қайраткері Шамиль Аляутдинов Қазақстан азаматтарының наразылығына қарамастан елімізге келді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Соғысты қолдайтын ресейлік имам қарсылыққа қарамастан Қазақстанға келді
Фото: ашық дереккөз

Еске сала кетейік, 4 желтоқсанда Шамиль Аляутдинов Астанадағы бизнес-форумда сөз сөйлеуі керек еді. Алайда, әлеуметтік желілерде көптеген қазақстандықтар оның елге сапарына қарсы болды. Желі қолданушылары Аляутдиновтың Украинадағы соғысты қолдап сөйлеген сөзін бөлісіп, форумға оның қатысуына жол бермеу керек деп пікір білдірді.

«Бұндай қөзқарасы бар адам қазақ елінің жас азаматтарын не үйретпек, имам ретінде қандай уағыз айтпақ? Желтоқсанның басында Алматыда үлкен форум өткіземін деген жарнамасын байқадым. Тәуелсіз мелекетке қарулы әскермен күштеп кіріп «тәртіпке» келтіру керек дегенді қолдаған болса, ертер жеме-жемге келгенде бізді де жақтай қоймас.  Керек пе ол бізге? Мухоряповтің бір түрі емес пе «өзіміздікі-біздікі» деп жүргенде , арғы жаққа аунап түсетін?» – деп жазады Мұрат Әбенов әлеуметтік желіде.

Қазақстандықтардың қарсылығы құлағына жетсе керек,  дінтанушы көп ұзамай елордаға келмейтінін мәлімдеді.

Десе де, 3 желтоқсанда Астанада және 6 желтоқсанда Алматыда Шамиль Аляутдиновпен және оның жұбайы Зиля Аляутдиновамен «семинарлар мен вебинарлардың нәтижелі қатысушыларының кездесулері» өткен.

Ал 13 қарашада Қазнеттегі резонансқа дейін Аляутдинов Ақтөбедегі бизнес-форумда сөз сөйледі. Сонымен қатар, ол облыс әкімі Ералы Тоғжановпен кездесті.