Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Украина халқына ота жасау тоқтатылды

Украинада электр энергиясының жағдайы тұрақталғанша ел ауруханаларында уақытша жоспарлы операциялар жасамалмайтын болды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Украина халқына ота жасау тоқтатылды
фото: www.golosameriki.com

Украинаның денсаулық сақтау министрлігі осындай мәлімдеме жасады.

«Ауруханалар шұғыл көмек көрсетуді жалғастыруда, бірақ алдағы уақытта электр қуатының үзілуіне байланысты медициналық жүйеге жалпы жүктемені азайту үшін жоспарланған операциялар уақытша тоқтатылуы керек», - делінген министрлік мәлімдемесінде.

«Укрэнерго» мәліметінше, электр энергиясын өндіруді қалпына келтіру үшін тағы бірнеше күн қажет. Украинаның барлық ауруханасы бүгінде апаттық электр генераторларымен жабдықталған.

Өткен аптада ресейлік зымыран мен әуе шабуылдарының сегіз толқыны Украинаның маңызды инфрақұрылымына зақым келтірді. Бұл бүкіл ел бойынша апаттық және жоспарлы электр қуатын өшіруге әкеп соқты.

Украинаның Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, 5 желтоқсандағы жаппай ресейлік бомбалаудан кейін Киев, Винница және Одесса облыстары ең қиын энергетикалық жағдайда қалды.   

Украина өзінің инфрақұрылымына жасалған ресейлік соққыларды әскери қылмыс ретінде сипаттайды.

«Энергетикалық террор – жаппай қырып-жою қаруын қолданудың аналогы. Көшеде температура нөлден төмен болған кезде және ресейлік зымырандардың энергетикалық нысандарға соққы беруі салдарынан ондаған миллион адам электр қуатынсыз, жылусыз және сусыз қалуы – адамзатқа қарсы ашық қылмыс», – деді Украина президенті Владимир Зеленский.