Моңғолиядағы шеруде төрт қызметкер қаза тапты

Моңғолия астанасы Улан-Баторда шерушілер Үкімет сарайына ақыры қалың нөпірмен кіріп, оның ішінің ойран-топанын шығарды. Бұл туралы Sonin хабарлады.

Моңғолиядағы шеруде төрт қызметкер қаза тапты
Фото: ашық дереккөз

Моңғолияның жаңалықтар агенттігі елге керекті көмірдің талан-таражға түсуінен көтерілген шерушілердің дүйсенбі күні кешке қарай Үкімет үйіне басып кіргенін жеткізді.

Қарсылық қозғалысы кезінде шерушілер Парламент үйіне басып кірді. Олар жолдарында тұрған Мемлекеттік аула қауіпсіздік қызметінің төрт қызметкерінің бастарын кесіп алды. Қақтығыс салдарынан кем дегенде оншақты адам топырдың аяғы астында қалып қойды, – делінген хабарламада.

Әзірге адам қазасы туралы басқа ресми ақпарат жоқ.