АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония Солтүстік Кореяның қару-жарақ бағдарламасына қатысы бар шенеуніктеріне санкция салды, - деп хабарлайды Tengrinews АҚШ Қаржы министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
АҚШ Қаржы министрлігінің мәлімдемесінде санкцияға ілінген адамдар қатарында Джон Иль Хо, Ю Джин және Ким Су Гиль бар. Бұларға сәуірде Еуропалық Одақ санкциялар салған болатын. Олар Солтүстік Кореяның әскери өнеркәсіп департаментінің вице-директоры және директоры болып жұмыс істейді.
Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі басқа жеті адамға, соның ішінде Сингапур мен Тайваньға, сондай-ақ сегіз ұйымға санкциялар жариялады.
Жапонияның Сыртқы істер министрлігі үш ұйымға және бірнеше жеке тұлғаға, соның ішінде кибершабуылдарға күдікті Лазарус тобына жаңа санкциялар салғанын мәлімдеді.