Еске сала кетсек, Намибия 1884 жылдан бастап Бірінші дүниежүзілік соғыс біткенше Германияның отары болған.
Нацистік Германия көшбасшысымен аттас саясаткер Намибиядағы аймақтық сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлады paryz.kz.
Адольф Гитлер Уунонаның Германияға ешқандай қатысы жоқ. Daily Mail-дың жазуынша, саясаткер SWAPO (Оңтүстік-Батыс Африканың халықтық ұйымы) билеуші партиясының тізіміне еніп, аймақтық кеңесте жеңіске жетті.
Депутат өзінің есімі туралы айта отырып, әкесі оны Гитлердің атымен атағанда өзгелер таңғалсын деген екен. Адольф Гитлер Уунона балалық шағында өз есімін өте қарапайым деп санаған.
"Тек жасөспірім кезімде мен бұл адамның бүкіл әлемді басып алғысы келетінін түсіндім", – деді африкалық.
Еске сала кетсек, Намибия 1884 жылдан бастап Бірінші дүниежүзілік соғыс біткенше Германияның отары болған.