Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Түрікменстан президенті 122,5 келі есірткіні өртеп жіберді (ВИДЕО)

Басылым жария еткен кадрларда Бердымухамедовтың өз көлігімен нысанға қалай келгені көрсетілген.

Түрікменстан президенті 122,5 келі есірткіні өртеп жіберді (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов камера алдында 123 келіге жуық есірткіні өртеп жіберді. Осылайша ол тыйым салынған заттардың көзін жоюға арналған жаңа пешті ашты, деп хабарлады paryz.kz, Хроники Туркменистана порталына сілтеме жасап.

Ашхабадтан 100 шақырым жерде орналасқан жаңа пеште өртелген тыйым салынған заттардың жалпы салмағы - 122,5 келі.

Басылым жария еткен кадрларда Бердымухамедовтың өз көлігімен нысанға қалай келгені көрсетілген. Содан кейін ол әскери қызметкерлердің алдына тоқтап, үлкен пешке есірткі салынған пакеттерді лақтыра бастайды.

Әдетте тәркіленген есірткіні жою акциясы жыл сайын 26 маусым – Халықаралық есірткі айналымына қарсы күрес күні ұйымдастырылады. Биыл бұл шара жаңа кешеннің ашылуына орай кейінге шегерілді. Жаңа нысан маңында мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің көшпелі отырысы да ұйымдастырылған.