Оларды адамгершілікке жат іс жасады деп бағалады.
Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Әзербайжан әскерлерінің ісін сынға алды, деп хабарлады pary.kz, azattyq.org-қа сілтеме жасап.
Таулы Қарабақтағы соғыста Әзербайжан әскерлері ұстап алған этникалық армян солдаттарды соққыға жыққан. Бұл ақпарат Telegram мен Instagram желілеріндегі Қарабақ жаңалықтары шығатын парақшаларда видео ретінде тараған. Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы осы жағдайдан хабардар болды.
Аталға видеода армян әскерлерін қорлап, өздеріне мақтау айтқызып, әжуалаған. Ұйым жәбірленген адамдардың отбасы мүшелерімен де сөйлесіп көріпті. Сол үшін ұйым оларды адамгершілікке жат іс жасады деп бағалады.
Қыркүйекте басталып, 1,5 айға жуық созылған қақтығыста екі тараптан мыңдаған адам қаза тапты. Әзербайжан жағы жеңіске жетіп, Қарабақты қайтарған еді.