Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

АҚШ-тың барлау қызметі Қытайдың жымысқы әрекетіне көз жеткізді

"Аspen" институты талдау орталығында Қытайдың Америкада өткен сайлау мен вакцина жасауға қатысты мәселеге мұрын сұққанын растады.

АҚШ-тың барлау қызметі Қытайдың жымысқы әрекетіне көз жеткізді
Фото: ашық дереккөз

Америка барлау қызметінің өкілі Қытай агенттерінің Джо Байден командасына ықпалы артты деп есептейді. Бұл туралы paryz.kz хабарлады.

Ұлттық барлау бөлімінің директоры Уильям Эванина жаңа президенттің маңайындағы адамдарды “сатылып жатыр” деп айыптады. Әділет департаменті де осы ақпаратты нақтылап, мыңнан астам Қытай агенттері Америкадан қашып кеткенін мәлімдеді.

"Аspen" институты талдау орталығында Қытайдың Америкада өткен сайлау мен вакцина жасауға қатысты мәселеге мұрын сұққанын растады.

"Біз Қытайдың Байден әкімшілігіне ықпал ету науқанын көрдік." , - деді Уильям Эванина.

Байден мен Трамп біраз уақыт өткен Ақ үйдегі науқан кезінде бір-бірін "Бейжіңнің алақанында болдың" деп айыптаған.