Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

8 жасар бала өзін шаққан жыланды тістеп өлтірген

Үндістанның Пандарпад ауылында Дипак есімді 8 жасар бала өзін шыққан жыланды тістеп өлтірген, деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап. 

8 жасар бала өзін шаққан жыланды тістеп өлтірген
Фото: mt.newizv.ru

Бұл – бала үйінің маңында ойнап жүргенде болған оқиға. Жылан оның қолына шығып, баланы шағып алған.

«Жыланды қолымнан сілкіп түсіруге тырыстым. Алайда ол мүлдем қозғалмады. Сол себепті оны екі рет қатты тістеп алдым», – дейді Дипак.

Бала ауруханаға жеткізіліп, уға қарсы дәрі егіледі. Жылан шаққан жер құрғақ болғандықтан, у денеге тарап үлгермеген.