Американың жаңадан сайланған президенті Джо Байден жыл соңына дейін 250 мың америкалық қайтыс болуы мүмкін деген жорамал айтып отыр.
Жапония, Англия, Америка және Ресей азаматтарға COVID-19-ға қарсы вакциналарды салуды бастамақ, деп хабарлады paryz.kz.
Бірақ қай елдің вакцинасы мықты және сенімді деген сұрақтың төңірегінде дау көп. Кеше ғана Ресей өзінің "Sputnik V" деп аталатын өнімін Үндістанға жөнелтті. Алдымен сонда сынақтан өтеді. Ал Англия Үкіметі вакцинадан бас тартқандарға қоғамдық орындарға баруға тыйым салынуы мүмкін.
Әлемде ең бірінші болып Pfizer фармацевтикалық компаниясының ойлап тапқан вакцинасы "жарамды" деген баға алған еді. Ал компанияның экс вице-президенті Майкл Иедон өзінің мақаласында мына сөздерді келтіреді:
"Ауруға тосқауыл қою үшін вакцинациялау керек емес. Сіздер нақты ауруы мүмкін емес деген адамдарға дәріні сала алмайсыздар. Сондай-ақ дені сау миллиондаған адамға толық тексерістен өтпеген вакцинаны салуға болмайды".
Американың жаңадан сайланған президенті Джо Байден жыл соңына дейін 250 мың америкалық қайтыс болуы мүмкін деген жорамал айтып отыр. Демек вакцина қолданысқа еніп кетпейінше, сақтық шараларын сақтамаған адамдар ауруды жұқтыра бермек.