ЕО Украинаға 8 млрд еуроға қару-жарақ жеткізетінін мәлімдеді

Еуроодақ (ЕО) Украинаға кем дегенде 8 млрд еуроға қару-жарақ жеткізді, деп хабарлады еуродипломатия басшысы Жозеп Боррель.

ЕО Украинаға 8 млрд еуроға қару-жарақ жеткізетінін мәлімдеді
Фото: ашық дереккөз

Боррель мұндай соманы Брюссельдегі ЕО Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында айтты. Оның айтуынша, бұл АҚШ-тан Украинаға қару-жарақ жеткізілімінің 45% құрайды.

Алдыңғы күні хабарланғандай, ЕО 9 қарашада Украинаға 18 млрд еуро көлемінде қаржылық көмек көрсетудің жаңа тетігін ұсынбақшы.

3 қарашада Боррель ЕО Украинаға 2022 жылы 22 млрд еуро жұмсағанын, бұл сомаға ЕО-ға мүше елдерден тікелей қару-жарақ жеткізілімі кірмейтінін айтты.

Пентагонның айтуынша, Ресейдің Донбассты қорғау жөніндегі арнайы операциясы басталған күннен бастап АҚШ Украинаға қауіпсіздік саласында 18,6 миллиард доллардан астам қаражат бөлді, ал 2014 жылдан бастап 21,4 миллиард доллардан астам қаражат бөлді.

Сонымен бірге, британдық The Telegraph газетінің шолушысы Кон Кофлин жазғандай, қазіргі уақытта батыс елдерінде Киевке берілген батыстық қарудың «дұрыс емес қолға түсуінен» қорқу өткір дилемма болып отыр.

2 қарашада Испанияның ABC газеті Украинаға жеткізілген қару Еуропаның қара базарларында пайда болғанын хабарлады. Киевке берілген қару-жарақ үлгілерінің бір бөлігі Финляндияның қара базарларында да байқалған.