Гректердің Қазақстанға қызығушылығы басым

Қазақстан мен Грекия арасында туристер алмасу туралы айтты.

Гректердің Қазақстанға қызығушылығы басым
Фото: ашық дереккөз

Грекиядағы Қазақстан елшісі Алексей Волков пен Грекияның депутаты Мария Апатзиди жолықты, деп хабарлады paryz.kz, СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

М. Апатзиди ХХ ғасырдың соңында тарихи отанына қайтқан гректердің арасында Қазақстанға деген қызығушылықтарының барын атады. Қазақстан мен Грекия арасында туристтер алмасу туралы айтты. Осыған байланысты Апатзиди "MeRA-25" партиясының Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен Грекияның Туризм министрлігі арасындағы ынтымақтастық орнату меморандумын Грекия Парламентінің пленарлық отырысында қолдайтынын білдірді.

Кездесу аяғында екі тарап тығыз байланыста болып, әрі қарай да бірлескен жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты.