Қытайдың аппараты Айдан Жерге топырақ әкелді

Егер құрылғының осы жұмысы сәтті бітетін болса, Қытай әлемде күрделілігі жағынан осындай операцияны істеген үшінші ел атанады.

Қытайдың аппараты Айдан Жерге топырақ әкелді
Фото: ашық дереккөз

"Чанъэ-5" атты Қытайдың аппараты Айға барып қонды, деп хабарлады paryz.kz, azattyq.org-ке сілтеме жасап.

Құрылғы екі күн бойы Айдан топырақ жинап, оны Жерге әкелді. Егер құрылғының осы жұмысы сәтті бітетін болса, Қытай әлемде күрделілігі жағынан осындай операцияны істеген үшінші ел атанады.

Тұңғыш рет NASA-ның кемесі 1960-70 жылдары Жерден Айға ұшып, сол жердің топырақ үлгісін Жерге әкелген болатын. Одан кейін 1976 жылы Кеңес Одағынан бір ғарыш кемесі осы сапарға аттанған-ды.

Сол екеуінен басқа Айдың топырақ үлгісін ешбір ел алмаған.