Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Анасы ұлын 28 жыл бойы қамауда ұстаған

Соңғы рет ол далаға 12 жасында, 7-сыныпта оқып жүргенінде шыққан.

Анасы ұлын 28 жыл бойы қамауда ұстаған
Фото: ашық дереккөз

Стокгольм тұрғыны өз ұлын 28 жыл бойы қамауда ұстаған. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады, деп жазды paryz.kz.

Ауруханада жатқан әйелдің үйіне көз қырын салуға келген алыс туысы пәтерде қамауда отырған 41 жастағы ер адамды көреді. Оның айтуынша, тісі жоқ, аянышты күйдегі еркек бұрышқа тығылып алған. Жөн сұраса, сауалдарға да жарытып жауап бере алмапты. "Дәл қорқынышты фильмдердегідей" дейді өзі көрген жайтты әңгімелеген әйел.

Туыс әйел дереу жедел жәрдем шақырған. Ал дәрігерлер полицияға жүгініпті. Полицияның анықтауынша, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген ер адамның жасы – 41-де. Соңғы рет ол далаға 12 жасында, 7-сыныпта оқып жүргенінде шыққан. Оның 70 жастағы анасы отбасындағы "келеңсіз оқиғадан" кейін ұлын "қорғау үшін" қоршаған ортадан оқшаулап тастаған.