01.12.2020, 11:46

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тағы да дабыл қақты

Фото: ашық дереккөз

"Әйтпегенде коронавирустан кейін біз әлдеқайда ауыр пандемияға тап боламыз", - деді Вуйнович.

Короновиусқа байланысты антибиотиктер мен вирусқа қарсы препараттарды бақылаусыз ішу пандемияның қайталануына әкелуі мүмкін, деп хабарлады paryz.kz, rosbalt.ru-ға сілтема жасап.

Аталған пікірді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович мәлімдеді. Ол антибиотиктерді сақтықпен және тек дәрігердің нұсқауы бойынша ішу керек екенін еске салды. Әйтпесе, микроорганизмдер дәрі-дәрмектерге қарсы тұра алмай, аурумен күресу қиынға соғады.

"Біз олардың қажет немесе қажет еместігін мұқият бақылауымыз керек. Әйтпегенде коронавирустан кейін біз әлдеқайда ауыр пандемияға тап боламыз", - деді Вуйнович.