Путин ядролық соғыстың бастапқы кезеңіне арналған жаттығу өткізді

Владимир Путин жаттығу жиынын өткізді. Сорақысы, бұл жаттығу ядролық соғыстың бастапқы кезеңіне арналды. Бұл туралы The Moskow Times хабарлады. 

Путин ядролық соғыстың бастапқы кезеңіне арналған жаттығу өткізді
Фото: ашық дереккөз

2018 жылы ядролық соғыс бола қалған жағдайда ресейліктер «жұмаққа аттанады» деп уәде берген Владимир Путин соңғы үш жылда бірінші рет стратегиялық күштермен жаттығу жиынын өткізді, – делінген хабарламада.

Жаттығу жиынына Ресейдің барлық ядролық қару-жарақтары тартылған.