Украина қарулы күштерінің бөлімшелері оңтүстік бағыттағы майдан шебінде бір топ кадыровшыларды тұтқынға алды.
Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.
Украина қарулы күштері елдің оңтүстігінде операция жасауды жалғастырып келеді. Солардың бірінің нәтижесінде ресейлік басқыншылардың бір тобы тағы да қолға түсті. Олардың арасында кадыровшылар да бар.
Бір айта кететін нәрсе, шешен сарбаздарын қолға түсіру оңай емес. Себебі, олар ешқашан майданның алдыңғы шебінде жүрмейді. Олар шептің екінші не үшінші легін ұстап тұрады. Тікелей соғыс қимылдарына қатыспайды. Ресей командованиесі қадыровшыларды алдыңғы шептегі жауынгерлердің кері шегуінулеріне жол бермей, оларға тосқауыл қоятын жазалаушы отряд ретінде пайдаланады.
21 қазан күні Кадыров жасағы жауынгерлерінің Херсон жерінен қашып бара жатқандары жайлы ақпар тарады. Ресей жалдамалылары Петровский атындағы Херсон машина құрылысы зауытының базасында орналасқан еді. Олар бұл жерден барынша салтанатты жағдайда – бронды «Тигрлермен», көздеріне көзілдірік тағып, музыка қойып аттанған болатын.