Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісін қызметінен босатты

Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийді қызметінен босатты, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. 

Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісін қызметінен босатты
Фото: ашық дереккөз

Зеленский қол қойған жарлық Украина президентінің ресми сайтында жарияланды.

«Петр Юрьевич Врублевский Украинаның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылсын», - делінген жарлық мәтінінде.

Айта кетейік, бұған дейін Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұқбатында «Орыстарды барынша қырып-жою керек. Қазір біз мейлінше олардың көзін жойсақ, ертең біздің ұрпағымыз қан төкпейтін болады» деген пікір айтқан.