Соның салдарынан Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында бірнеше орман өртенген.
Австралияның ірі қаласы саналатын Сиднейде қатты ыстық болып жатыр, деп хабарлады paryz.kz, euronews.com-ға сілтеме жасап.
Кенгурулер елінің Виктория штатының солтүстігінде, Жаңа Оңтүстік Уэльс, Оңтүстік Аустралия штаттарында күн райы Цельсий шкаласы бойынша 45 градус ыстыққа көтерілген. Соның салдарынан Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында бірнеше орман өртенген. Штат басшылықтары жерлестерін өте сақ болуға және карантиндік шараларды сақтауға шақырып жатыр.
Аптап ыстықтан өрт Сиднейдің жанындағы үйлерге де жақындай бастады. Ал қаланың өзінде ыстық түспей тұр. Метеорологияны бақылау тарихындағы ең қатты ыстық 28 қарашаның түнінде тіркелген. Сиднейде 2-3 күндеп ыстық түспей қойды. Мұндай аптап ел тарихында соңғы рет 1960 жылы болған. Метеорологтар ыстықтың әлі де біраз күн болатынын айтты. Соған орай, штат басшылықтары субұрқақтар мен жағажайларда карантиндік шараларды күшейтті.