Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Ауғанстанда тағы да жарылыс болды

Жарылысты жасаушы «шаһид» бомба толы көлікті айдап келіп, әскери базаның қақпасын бұзып кірмекші болған.

Ауғанстанда тағы да жарылыс болды
Фото: ашық дереккөз

Лаңкестік оқиғалар жиі болып тұратын Ауғанстанның Газни провинциясындағы әскери базаның жанында жарылыс болды, деп хабарлады paryz.kz.

Соның салдарынан 31 адам қаза болып, 20-дан астам азамат жарақаттанды. Жарылысты жасаушы «шаһид» бомба толы көлікті айдап келіп, әскери базаның қақпасын бұзып кірмекші болған. Алайда базаны қорғаушы әскерлер көлікке оқ жаудырған соң, лаңкес тұрған жерінде жарылғыш заттарды іске қосқан. Шабуылды кімнің және не үшін ұйымдастырғаны әлі анықталмады.