Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Оңтүстіккореялық дәрігер: КХДР билігі шындықты жасырып отыр

Корей Халық Демократиялық Республикасында он мыңдаған адам COVID-19  жұқтырды.

Оңтүстіккореялық дәрігер: КХДР билігі шындықты жасырып отыр

Бұл мәліметті Корей Республикасының астанасы Сеулде өткен баспасөз конференциясында Солтүстік Кореядан қашып келген Чой Чон Хун атты дәрігер айтты, деп хабарлады paryz.kz.

Қазір ол Седжондағы Корея университетінде қызмет етеді. Дәрігердің өзінің бірнеше жылдық тәжірибесі арқылы осы болжамды айтып отыр. Чой 2002-2003 жылдары атиптік пневмония эпидемиясы өршіген кезде жұмыс істеген. "Корей Халық Демократиялық Республикасының билігі адамдарға шындықты айтпай отыр", - дейді ол. Дәрігер Чой Солтүстік Кореяда медициналық жабдықтардың өте аз екенін алға тартты. Биыл "Шекарасыз дәрігерлер" халықаралық ұйымы КХДР-ға медициналық көмек жібергені ресми түрде жарияланған еді. Әрі Оңтүстік Кореяның  Қызыл Крест ұйымы коронавируспен күресу үшін сынақ өткізуге арналған 10 мың жабдық алды. Дәрігердің сөзінше, бүкіл көмек Пхеньянға арналады. Тіпті басқа қала, ауыл, аудандарда COVID-19-дың бар-шоғын анықтайтын құралдар да жоқ.

Дәрігер Чой Чон Хун: "Мен Солтүстік Кореяда коронавирустан кем дегенде 30 мың адамның ауырғанын білемін. Олар тек 30 мыңға жуық адамды оқшаулады деп жариялап отыр. Алайда сол адамдар Қытаймен шектесетін өңірлерде өмір сүреді. Әрі сол маңайдағы шекара қаңтар айына дейін ғана ашық болды. Бұл туралы КХДР еш жерде жария етпеді", - деді.