Димаш Құдайберген ресейлік байқаудың финалына шықты

Сыйлықты тапсыру рәсімі Кремль сарайында онлайн түрде өтпек.

Димаш Құдайберген ресейлік байқаудың финалына шықты
Фото: musicpremia.ru

Биыл жыл сайын ұйымдастырылатын Ресейдің "Виктория" ұлттық музыка сыйлығы Димаш Құдайбергенге бұйыруы мүмкін, деп хабарлады paryz.kz, musicpremia.ru-ға сілтеме жасап.

Әлемдік жұлдыз Димаш "Үздік поп әнші" номинациясына ұсынылған. Сыйлықты тапсыру рәсімі Кремль сарайында онлайн түрде өтпек. Ал тапсыру рәсімінің телевизиялық нұсқасы 18 қаңтар күні Ресейдің "Россия-1" арнасынан көрсетіледі.

Байқауда "Үздік поп әнші", "Үздік жыл әні", "Үздік хип-хоп орындаушы", "Үздік рок-группа немесе рок әнші", "Жыл ақыны", "Жыл композиторы" сияқты аталымдар бойынша бақ сыналады. Биыл көп концерттер онлайн түрде өткендіктен, "Үздік онлайн концерт" деген түрі де қосылған.