Путин мен Зеленский кездесетін болды

Индонезияның БАӘ-дегі елшісі Хусин Багис Балидегі G20 саммитіне Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский қатысатынын айтты.

Путин мен Зеленский кездесетін болды
Фото: ашық дереккөз

Хусин Багис National басылымына Путиннің де, Зеленскийдің де саммитке қатысатынын растағанын айтты. Елшінің айтуынша, екі президентті қабылдауға дайындық қазірдің өзінде қызу жүріп жатыр. 

«Оларды орналастыруға болатын қонақүйлерді реттеп жатырмыз. Біреуі Путин мырзаға, екіншісі Зеленский мырзаға. Индонезия басқа елдерден ерекшеленеді. Менің елімде бәрі тыныш», - деді Хусин Багис.

G20 саммиті 15-16 қарашада Балиде өтеді. Ресей мен Украинаның сыртқы істер министрліктері мемлекет басшыларының қатысуын әзірге растаған жоқ.