11.10.2022, 10:09

Дмитрий Медведевке іздеу жарияланды

Михаил Терещенко / ТАСС

Ресейлік БАҚ Украина Қауіпсіздік қызметі Ресейдің экс-президенті, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевке іздеу жариялағанын жазды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Elorda Info сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ақпарат елдің Ішкі істер министрлігінің деректер базасында да пайда болды. 

Басылым мәліметінше, Медведевті Украина ҚК-нің 110-бабының 2-бөлігі бойынша («Украинаның аумақтық тұтастығына қол сұғылмаушылықты билік өкілі жасаған») деген айыптауға байланысты Украинаның құқық қорғау органдары іздеп жатыр.

Осы бап бойынша ең жоғарғы жаза – он жылға дейін бас бостандығынан айыру.