Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Украина әскері Луганск облысының шекарасына кірді

Украина әскерлері өзін өзі жариялаған «Луганск халық республикасы» деген аумаққа басып кірді. Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.

Украина әскері Луганск облысының шекарасына кірді
Фото: ашық дереккөз

«Луганск халық республикасының» «билігі» украин армиясының қорғанысты бұзып-жарып өтіп, облысқа кіргенін мойындап отыр. Мұны «ЛХР» халық милициясының офицері Андрей Марочко «Интерфаксқа» берген сұхбатында айтты.

Украина қарулы құрылымдары шығынға қарамай, «ЛХР-дың» әкімшілік шекарасынан өтіп, Лисичанскіге қарай бара жатыр, – деді ол.

Украин әскері үш жақтан жауған оқтың астында ақырын ілгері жылжып келеді. Оларды «солтүстіктен, шығыстан және оңтүстіктен» Ресей құрамалары атқылауда.

Қарулы күштердің Шығыс тобының спикері Сергей Череватый армияның Торское селосын жаудан азат еткенін айтты. Бұл бағытта украиндар Лиманнан кейінгі Кременнаяға шабуыл жасап, оны да азат етті.

Череватый кеше Лиманда қоршауда қалған орыс әскерлерінің тағдырлары жайлы да айтып берді. Оның айтуынша, «олардың бір бөлігінің көзі жойылса, бір бөлігі тұтқынға түскен, ал бір бөлігі белгілі бір колоналармен немесе шағын топтармен қоршаудан шығып үлгерген». Қашып кеткендер ормандарда жасырынып жүр. Бірақ «орманның іші әбден миналанып тасталған».

Череватыйдың айтуына қарағанда, Украина қарулы күштері Кременнаядан кейін Сватовоға, Рубежноеге барып, Луганск облысын оккупациядан тазартады. Соның ішінде Северодонецк пен Лисичанскіні де жаудан босатады.

Украина әскерлері Херсон бағытында да ұрыс қимылдарын бастады. Онда 128-жекелеген таулы-штурм бригадасы облыстың Миролюбовка селосын оккупанттардан тазартып, ондағы әкімдік ғимаратына украин жалауын қадады.