Бангладештің солтүстігіндегі Панчагарх округінде кеме батып кетіп, 69 адам көз жұмды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.
Кеме батқан орыннан 69 адамның денесі судан шығарылды, ал тағы 3 адам із-түзсіз жоғалғандар ретінде тіркелді.
Панчагарх округі полициясының бастығы Сираджул Худа Каратоя өзенінде бортында 100 жолаушы болған кеме жексенбі күні күндіз батып кеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, су көлігінің апатқа ұшырауына артық салмақ себеп болған.