Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Өзбекстан қарасора өсіруді қолға алды

Есірткіге қатаң тыйым салынған Өзбекстанда мұндай келісім алғаш рет жасалып отыр.

Өзбекстан қарасора өсіруді қолға алды
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстан Мальтаның "Мелабис" компаниясымен бірге Орталық Азияда медициналық қарасора өсіріп, өндіру туралы келісімге қол қойды. 26 қарашада жергілікті билік мәліметіне сүйенген өзбектің ақпарат құралдары компанияның Сырдария облысы Сардоба ауданында 3 мың гектар жерге қарасора егетінін жазды, деп хабарлады Азаттық радиосы.

Есірткіге қатаң тыйым салынған Өзбекстанда мұндай келісім алғаш рет жасалып отыр. Бірақ осыған дейін қарасора өсіруді заңдастыру туралы үндеулер болған.

УзА агенттігінің жазуынша, тазартылған өнімнің құрамында тетрагидроканнабинол мөлшері 0,1-0,2 пайыз ғана болады, бұл оны тек медицина мақсатында ғана қолдануға жарамды етеді. Агенттік "өнімнің басым бөлігі экспортталады" деп жазды.

Бастапқы кезеңде шамамен 33 млн доллар инвестиция құйылатын жоба жоғары технологияға сәйкес қарасора өсіру мен Сырдария облысында зертхана салуды қарастырады. Ақпарат құралдары соның арқасында 100 жаңа жұмыс орны пайда болады дейді.