Украин әскерлері Донецкте жетістікке жетуде

Украин әскерлері Донецкте жетістікке жетуде,-деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Bugin.kz порталына сілтеме жасап. 

Украин әскерлері Донецкте жетістікке жетуде
Фото: ашық дереккөз

Американдық соғысты зерттеу институты (ISW) Украина қарулы күштері қазір басып алуға тырысып жатқан Донецк облысындағы Лиман қаласының маңындағы жағдайдың жаңа картасын жариялады. Мұнда бірнеше аптадан бері белсенді ұрыс жүріп жатыр.

Картаға қарағанда, украин әскерлері Лиманды қоршауға алуға аз қалған. Ол жерде жұмыс істейтін ресейліктер тұтқынға түсуі мүмкін.  Енді Лимандағы ресейлік армия Украина әскерилерінің оғы  астында тұрған Торское елді мекені арқылы ғана өте алады.