Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ресейдегі мобилизация: Байқоңырда тұратын ресейліктер соғысқа шақыртылмайды

Байқоңырда Ресей азаматтарын ішінара мобилизациялау бойынша іс-шаралар өткізілмейді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Ресейдегі мобилизация: Байқоңырда тұратын ресейліктер соғысқа шақыртылмайды
Фото: stan.kz

Әскери қызметке өз еркімен түскен тұрғындар ғана жұмылдырылуы мүмкін. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісімге сәйкес, Байқоңыр қаласында РФ азаматтарын есепке алу-шақыру жұмыстары әскери комиссариат арқылы жүргізіледі.

"Байқоңыр қаласы Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі екенін ескере отырып, қазіргі уақытта Ресей азаматтарын соғысқа шақырту шаралары жүргізілмейді", - делінген Байқоңыр қаласының ресми сайтында.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Қазақстанның мобилизациядан қашқан ресейліктерді ұстап бермейтіндігі жарияланған еді.