Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

"Хиджабтан туған дау": Ирандағы көтерілісшілер полиция бөлімшелерін өртеді

22 қыркүйекте Тегеран мен Иранның бірнеше қалаларында наразылық білдірушілер полиция бөлімшелері мен көліктерді өртеп жіберді. Аманидің өлімінен туындаған толқулардың жалғасып жатқанына алтыншы күн, деп хабарлайды paryz.kz  ақпараттық агенттігі Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Хиджабтан туған дау": Ирандағы көтерілісшілер полиция бөлімшелерін өртеді
Фото: stan.kz

22 қыркүйекте Тегеран мен Иранның бірнеше қалаларында наразылық білдірушілер полиция бөлімшелері мен көліктерді өртеп жіберді. Аманидің өлімінен туындаған толқулардың жалғасып жатқанына алтыншы күн, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Dawn басылымына сілтеме жасап.

Иранда бірнеше күннен бері дінбасылардың үстемдігіне қарсы наразылық толқулары жалғасып жатыр. Бұл 22 жастағы Махсы Аманидің хиджаб кигені үшін тұтқынға алынып, кейіннен мерт болуына қатысты туындаған еді. 

"Әлеуметтік желілерде жалған қауесет таратып, қоғамның психологиялық қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақпарат берушілерді анықтап, оларға қатысты шешуші шара қолданылады", – деді тәртіп сақшылары. 

Америка Құрама Штаттары бейсенбі күні Иран әдеп полициясына қарсы санкциялар енгізіп, оларды ирандық әйелдерге қиянат жасады және ирандық бейбіт шерушілердің құқықтарын бұзды деп айыптады. Сондай-ақ Иран армиясының құрлықтағы күштерінің басшылары мен Иранның барлау министріне санкция салғанын хабарлады. Онда Аминидің өліміне әдеп полициясы жауапты екені айтылған.

Көтеріліс болған күні елде мобильді интернет сөндірілген. Сәрсенбі күні елдің солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында ирандық үкіметті қолдайтын әскерилендірілген Басидж ұйымының мүшесі пышақтап өлтірілді.