Өткен тәулікте Ресей армиясы Украинадағы 30 елдімекенге зымыранмен соққы беріп, инфрақұрылымды зақымдаған.
Ал Украина президенті Владимир Зеленский халыққа күн сайынғы үндеуінде майдандағы уақытша тыныштық - жаңа қалаларды азат етуге дайындық деп мәлімдеді.
Соңғы мәліметтерге қарағанда Украина күштері Харковь облысын азат етіп, Оскол өзенінің шығыс жағалауын бақылауға алды.
Жақында олар Луганск облысын қайтаруға кірісуі мүмкін. Бұны осы аймақтың губернаторы Сергей Гайдай мәлімдеді.