Ресейдің Омбы қаласындағы әскери комиссариатты өртеп жіберген қазақстандықтар ұсталды.
Бұл туралы Telegram-дағы Baza арнасы жазды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Онда Омбыдағы әскери комиссариатқа өрт қойған екі азаматтың бірінің ұсталғаны туралы айтылған. Аңсаған Молдахметов 24 тамызда қолға түссе, сыбайласы Сейіл Диас іздестіріліп жатыр.
Күдіктілерге лаңкестік шабуыл жасады деп айып тағылып отыр. Олар 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, қос қазақтандық 12 мамырда Омбыға келіп, келесі күні түнде әскери комиссариаттың ғимаратына өрт қойған болатын. Олар "Молотов коктейльдерін" пайдаланған.
Алайда ғимараттағы өрт дер кезінде сөндірілді, адам шығыны жоқ. Бұл әрекетке олар 800 мың рубль, шамамен 6 миллион теңге үшін барған.