Қытайда тұрғындар аспандағы ерекше құбылыстың куәсі болды

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы Пунинг қаласының тұрғындары сирек кездесетін және ерекше әдемі табиғат құбылысының куәсі болды. 

Қытайда тұрғындар аспандағы ерекше құбылыстың куәсі болды
Фото: stan.kz

Олар түрлі түске боялған бұлт үйіндісінің көрінісін бейнежазбаға түсіріп алған, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі CGTN порталына сілтеме жасап. 


Видеодағы құбылыс Пилеус бұлтының көрінісі. Ол қалпақ тәрізді, көлемі қалыпты бұлттардан үлкенірек болады. Олар өте динамикалық түрде пішінін тез өзгертеді. Ал Қытай аспанында пайда болған бұлттың бұл көрінісі күн сәулелері су тамшыларында түскен соң, ол кемпірқосақ әсерін тудырып, бұлттарға сондай түс берген.