"Ешқандай астары жоқ": Путин Байденді неге құттықтамай жүргенін айтты

Оның айтуынша, ресейлік тарап Трампқа да, Байденге де сыйластықпен қарайды.

"Ешқандай астары жоқ": Путин Байденді неге құттықтамай жүргенін айтты
фото: Азаттық радиосы

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті болып сайланған Джо Байденді әлі күнге дейін неге құттықтамағанын түсіндірді деп хабарлады bbc

Ресей басшысы АҚШ-тағы партияішілік қарсылықтың аяқталуын күтіп отырғанын жеткізген.

«Біз америкалықтардың сеніміне ие болған кез келген адаммен жұмыс істеуге дайынбыз. Бұл сенімге кім ие болғаны - тараптардың бірі екіншісінің жеңісін мойындаған кезде немесе сайлаудың түпкілікті нәтижелері заңды жолмен шығарылған кезде белгілі болады», - деді Путин «Россия 1» телеарнасының «Мәскеу. Кремль. Путин» бағдарламасының эфирінде.

Оның айтуынша, ресейлік тарап Трампқа да, Байденге де сыйластықпен қарайды.

«Құттықтамаудың ешқандай астары жоқ. Бізге біреу ұнайды немесе ұнамайды деген сөз емес. Бізпартияішілік қарсылықтың аяқталуын күтіп отырмыз. Барлық формалды жайттар ескерілуі тиіс. Алдағы уақытта Ресей мен АҚШ байланысына нұқсан келтіретін ешбір себеп жоқ», — деді Путин.