Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Трамп: Сайлау нәтижелерін қайта қарау үшін мәліметтер жеткілікті

Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы 3 қарашада өтті, бірақ дауыстарды санау әлі аяқталған жоқ.

Трамп: Сайлау нәтижелерін қайта қарау үшін мәліметтер жеткілікті
фото: Reuters

Дональд Трамп президент сайлауындағы бұрмалаушылық дауыс беру нәтижелерін өзгерту үшін жеткілікті екенін мәлімдеді деп хабарлады paryz.kz, РИА Новости-ға сілтеме жасап.

"Менің серіктестерім жүздеген мың жалған дауыс тапқада, Джо Байден неге үкімет құрып жатыр?" - деп жазды Трамп Twitter-де.

Америкалық көшбасшы бұл деректер төрт штаттағы дауыс беру нәтижелерін өзгерту үшін жеткілікті деп санайды. "Сайлауда жеңіске жету үшін жеткілікті", - деді ол.
 
"Соттар немесе заң шығарушылар мұны жасайды деп үміттенемін (сайлау нәтижелерін қайта қарайды - автор)", - деді саясаткер.

Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы 3 қарашада өтті, бірақ дауыстарды санау әлі аяқталған жоқ. Америкалық БАҚ жеңісті демократиялық кандидат Джо Байденге берді. Бірқатар ел көшбасшылары оны жеңісімен құттықтап үлгерді.