Якутияда антисептик ішкен 7 адам қайтыс болды

Якутияның Таттинск ауданының тоғыз тұрғыны антисептикті ішімдік ретінде пайдаланған.

Якутияда антисептик ішкен 7 адам қайтыс болды
фото: kolibri.press

Сараптама антисептик құрамында 69 пайыз метанол спирті болғанын анықтады деп хабарлады paryz.kz korrespondent.net-ке сілтеме жасап.

Якутияның Таттинск ауданының тоғыз тұрғыны антисептикті ішімдік ретінде пайдаланған. Үш адам отырыстан соң бірден мерт болған, қалған төртеуі кеше ауруханада көз жұмды.

Мәлім болғандай, 5 литр көлеміндегі антисептикті олар Томтор ауылындағы дүкеннен сатып алған. Тергеу амалдары кезінде құрамында метанол бар осындай антисептик Якутияның тағы екі ауданының дүкендерінде сатылатын болып шықты. Роспотребназдор 200 литр өнімді сатылымнан алып тастау жөнінде бұйрық шығарған.

Метанол спирті ішуге арналмаған. Оның 30 миллилитрі адам ағзасы үшін ажал құштыратын доза. Ресейдің тергеу комитеті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.