Джо Байден: Міндет - Қытайды жазалау емес...

Оның пікірінше, мұндай шешімдер АҚШ-тың сыртқы саясаты аясында міндетті емес.

Джо Байден: Міндет - Қытайды жазалау емес...
фото: .pravda.com.ua

АҚШ сайлауындағы демократиялық кандидат Джо Байден елді ДДСҰ-ға қайтаратынын және Қытайға қарсы баж салығынан бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz24globenews-ке сілтеме жасап.

Делавэр штатындағы Уилмингтон қаласында өткен баспасөз мәслихатында Байденге АҚШ президенті болып сайланғаннан кейін санкциялар қатаңдап, Қытай тауарларына жаңа баж салығы салына ма деген сұрақ қойылды.

"Міндет - Қытайды жазалау емес, Қытайдың ережелер бойынша ойнауға тура келетінін түсінуі", - деп жауап берді ол. Оның пікірінше, мұндай шешімдер АҚШ-тың сыртқы саясаты аясында міндетті емес.

"АҚШ-тың жаңа әкімшілігі жұмысының алғашқы күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДҰ) қайта қосыламыз. Бізге қазіргі пандемиямен айналысып қана қоймай, келесімен күресу жоспарын жасауымыз керек. Вирус өзі жойылып кетеді деген идеяның өзі қисынсыз", - деп толықтырды Байден.

АҚШ губернаторлары Ұлттық қауымдастығының атқарушы комитетінің мүшелерімен болған бейнеконференция оның Twitter-дегі аккаунтында көрсетілді.