Саясаткер мінберде өлім туралы уағыз айтып, қайтыс болды (ВИДЕО)

Сендер қай жерде болсаңдар, қай жерде жүрсеңдер де ажалдан құтыла алмайсыңдар!, - деді ол. 

Сауд Арабиясының дипломаты Мұхаммед әл-Кахтани Египеттің Каир қаласында өткен Араб-Африка конференциясы кезінде мінберде сөз сөйлеп жатқанда шалқасынан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды paryz.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. 

Оның соңғы сөзі өлім туралы уағыз болған.

Сендер қай жерде болсаңдар, қай жерде жүрсеңдер де ажалдан құтыла алмайсыңдар!, –  деп шалқасынан құлап, қайтты.

Араб дипломаты 46 жаста еді.