Белгісіз аурудың көзі ашық теңізде болуы мүмкін деп болжануда. Себебі, ауру Рюфиск пен Мбур арасында балық аулауға барған балықшылар ғана жұқтырған.
Сенегалдың батысында 100-ден астам балықшы белгісіз дертті жұқтырып алды, деп хабарлады paryz.kz, РИА Новостиге сілтеме жасап.
Жергілікті Dacar Actu басылымы ұсынған ақпаратқа сәйкес, ауру ел астанасы Дакарға жақын орналасқан Рюфиск пен Мбур порттық қалалары арасында тіркелген. Науқастарда қабыршақ түріндегі тері бөртпелері пайда болыпты. Белгісіз аурудың көзі ашық теңізде болуы мүмкін деп болжануда. Себебі, ауру Рюфиск пен Мбур арасында балық аулауға барған балықшылар ғана жұқтырған. Ауру белгілері бар барлық науқас Рюфисктегі стадионда орналасқан ауруханаға жатқызылды.
Жергілікті билік, соның ішінде Рюфиск қаласының мэрі және облыстық медициналық қызметтің басшысы бейсенбі күні кешке бұл жайтқа қатысты шұғыл кеңес өткізді. Кездесуге балық аулау саласының өкілдері де шақырылған.