Tүнгі клуб өртеніп, адамдар тірідей жанып кетті

Таиланд полициясы түнгі клубта өрт шығып, 13 адамның көз жұмғанын, тағы 35 адамның жарақат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап. 

Tүнгі клуб өртеніп, адамдар тірідей жанып кетті
Фото: stan.kz

Полиция полковнигі Вуттипонг Сомджайдың сөзінше, өрт 5 тамызда түнгі 1:00 шамасында “Mountain B” клубында болған. Видеодан тірідей жанып кеткен адамдардың клуб ғимаратынан жүгіріп шыққанын көруге болады. 

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан тек Таиланд азаматтары ажал құшқан. Арасында шетелдіктер жоқ.