Сербия президенті Вучич: «Енді Косовода сербтерді қуғындап, өлтірсе, онда біз кіреміз және жеңеміз».

Косово мен Сербия арасы ушықты. Шекара маңында оқ даусы естіліп жатыр. Бір күн бұрын Косово сербтік құжаттар 1-тамыздан бастап жарамсыз болатынын айтты. Бір сөзбен айтқанда Сербиядан 2008 жылы тәуелсіздігін жариялаған Косово осылайша сербтерден алшақтай түспек. Косовоны әлемде 100-ге жуық ел мойындаған (Қазақстан мойындамаған).  6.5 млн халқы бар және Ресейдің Еуропадағы бір серіктесі саналатын Сербия бүгін денацификация жасау керек деп айта бастады. Ал қарсы жауап ретінде албандар аянып қалмайтынын айтуда деп жазады Рaryz.kz  t.me/paranoiakz шолу жасап.

Сербия президенті Вучич: «Енді Косовода сербтерді қуғындап, өлтірсе, онда біз кіреміз және жеңеміз».
https://t.me/paranoiakz/4037

Қысқаша ақпарат бере кетейік:
Сербия халқы 6.5 млн және олар Ресейге арқа сүйейді. Еуропалық санкцияларға қосылмады, Ресейдің Луганск пен Донецк шешімін түсіністікпен қарау керек деген мәлімдеме жасаған.

Косово халқы 2 млн. Басым бөлігі албандар. Сербиядан саны аз, сондықтан жалғыз жарым ұрыста сөзсіз жеңіліс табады. 

Алайда арқаны Албанияға сүйейді. Өйткені бір ұлт. Албандар НАТО құрамында және Косовоны қолдауға дайын. НАТО Албания шешімін ашық қолдамаса да, қарсылық білдірмейді, көз жұма қарайды. Косовоны қатты қолдайтын елдің бірі - Түркия. (Серб-Осман соғысын еске алыңыз). 

Естеріңізге сала кетейік, Косово Албания сынды Еуропадағы мұсылмандар көп тұратын елдің бірі. 90-жылдары Югославия ыдыраған сәтте, тек қана этникалық емес, діни сипатта да қайшылықтар болды. Сербия мен Косовоның қақтығысы ушықса, Балқан түбегіндегі діни, этникалық сипаттағы жанжалдарды қайта қоздыруы мүмкін.