Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Илон Маск әлемнің ең бай адамдары тізімінде үшінші орыннан көрінді

Енді Илон Маск жер бетінің ең бай адамдары тізімінде Билл Гейтс пен Джефф Безостан кейін тұр.

Илон Маск әлемнің ең бай адамдары тізімінде үшінші орыннан көрінді
Фото: ашық дереккөз

Кәсіпкер әрі миллиардер Илон Маск жер бетіндегі үшінші ең бай адам атанды. Оның Tesla компаниясы S&P 500 индексіне қосылатындықтан Маск Марк Цукербергті басып озған деп хабарлады Bloomberg.

16 қарашада Tesla компаниясының акциялары сауда-саттық аяқталғаннан кейін 15%-ға өскен. Ал 17 қарашада акциялар 8,2%-ға өсіп, нәтижесінде Масктың байлығы 7,6 млрд долларға артып, 109,7 миллиард долларға жетті. Оның байлығы биыл 82,2 миллиард долларға өсті және бұл әлемдегі ең бай 500 адамның ең үлкен өсімі.

Tesla S&P 500 индексіне 21 желтоқсанда кіріп, топтың тарихындағы ең ірі жаңа компания болмақ. Енді Илон Маск жер бетінің ең бай адамдары тізімінде Билл Гейтс пен Джефф Безостан кейін тұр.