Бішкекте Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ісі бойынша сот тыңдалымы жалғасып жатыр. Судья Мирлан Термешиков БАҚ өкілдеріне алғаш рет сот отырысын видеоға түсіруге рұқсат берген, деп хабарлады paryz.kz, Akipress-ке сілтеме жасап.
Сот процесі ашық режимде өткені айтылады. Атамбаевты қол шапалақтап қарсы алған екен.
Сотқа келгендердің қатарында экс-президенттің зайыбы Раиса Атамбаева да болды. Ол күйеуімен үзіліс кезінде амандасып үлгерген. "Келші, сені құшақтайыншы!" - деді оған әйелі.