Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Көмектесіңіз. Қытай түрмесінде отырмын": Петербург тұрғыны аяқ киімінен хат тауып алған

Ұлыбритания Парламенті елде жұмыс істейтін ірі компаниялардың Шыңжаңдағы ұйғыр мұсылмандарының мәжбүрлі еңбегін пайдаланатындығын анықтау үшін тыңдаулар өткізді...

"Көмектесіңіз. Қытай түрмесінде отырмын": Петербург тұрғыны аяқ киімінен хат тауып алған
Фото: дереккөз

Петербургтік Арслан Гибадуллин интернеттен тапсырыс арқылы алған The North Face брендінің кроссовкаларынан Қытайдағы тұтқындалған ұйғырдың көмек сұраған жазбасын тапқан, деп хабарлады paryz.kz.

"Құқық қорғаушылардың мәліметтері бойынша, ұйғыр халқы Синьцзян қытай аумағында қуғынға ұшырады. Оларды түрмеге қамап, фабрикаларда жұмыс істеуге мәжбүрлейді" деп жазады "Бумага" басылымы. 

The North Face аяқ киім өндірісінде мәжбүрлі еңбектің қолданылмағаны, бірақ, ішкі тергеудің басталғаны хабарланған. Сонымен бірге, Ұлыбританияда аталған компания мен басқа да танымал брендтердің ұйғырлар жұмыс істейтін зауыттармен жұмысы тексеріледі. 

Хатта: "Көмектесіңіз. Мен Қытайдағы түрмеде отырмын. Өтінемін, көмектесіңіз. Ұйғыр" деп жазылған. Сол себепті, The North Face компаниясының өкілі Инна Рубанова компанияның атынан ресми жауап берді. 

"Біз сізге мәжбүрлі еңбекті пайдаланбайтынымызды айтып сендіреміз. Түрмедегі адамдардың еңбегі сіздің аяқ киіміңізді жасап шығару барысында қолданылған жоқ. Сіз көрсеткен аяқ киім ешқашан Қытайда болған жоқ ",- дейді ол. 

2020 жылдың 5 қарашасында Ұлыбритания Парламенті елде жұмыс істейтін ірі компаниялардың Шыңжаңдағы ұйғыр мұсылмандарының мәжбүрлі еңбегін пайдаланатындығын анықтау үшін тыңдаулар өткізді. Бұл туралы BBC және Just Style хабарлаған еді.

Just Style мәліметтері бойынша, Adidas, Amazon, Boohoo, H&M, IKEA, Nike, Puma және басқа танымал брендтерден мәселеге қатысы жоқ екендерін дәлелдейтін айғақтар сұраған.