"Том мен Джерри" фильмінің алғашқы трейлері шықты (ВИДЕО)

2021 жылы жарыққа шығады деп жоспарланған фильмнің режиссері – Тим Стори.
 

Warner Bros компаниясы "Том мен Джерри" толықметражды фильмінің алғашқы трейлерін жариялады, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы. 

Фильм шынайы актерлар мен мультипликация элементтерінің қойылымын біріктіреді. 2021 жылы жарыққа шығады деп жоспарланған фильмнің режиссері – Тим Стори.