Ол Иранға барып, президент Ибрахим Раиси, елдің рухани көсемі Әли Хаменеи және Түркия басшысы Режеп Ердоғанмен кездесті.
Путиннің сапары Сириядағы жағдайды реттеуге бағытталған Астана келіссөзі аясында өткен. Ресей мен Иран Сириядағы авторитар президент Башар Асад жетекшілік ететін орталық билікті қолдайды. Ал Түркия елдің солтүстігіндегі қарулы оппозицияға дем береді. Алайда келіссөзде Украинадағы соғыс мәселесі де талқыланды.