Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Өткен-кеткенге үретін азамат өзін ит санайтынын мәлімдеді

Ер адам өзін алты жасынан бастап итке ұқсатқанын алға тартты. Ол қызығушылықтарына ортақ адамдарды тапқанға дейін ешкімге өзін ит санайтынын айтпай келген екен.

Өткен-кеткенге үретін азамат өзін ит санайтынын мәлімдеді
Фото: дереккөз

Ұлыбританияда өзін адам емес, ит деп санайтын азамат тұрады. Ол өткен-кеткенге үріп, күн ұзаққа иттің костюмін киіп жүргенді жөн көреді екен, деп жазды dailymail

Ұлыбританияның Салфорд қаласында тұратын дүкен менеджері өзін адам қатарына жатқыза алмайтынын айтады. 37 жастағы Каз Джеймс достарына және жануарларға үреді, заттарды қолымен емес, тістерімен ұстағанды ​​ұнатады және түскі асты ит ыдысынан ішеді. Өзін ит деп санайтын азамат қарғыбау тағып, арнайы ит костюмін күні бойы киіп жүреді екен. Резеңкеден тігілген екі костюм үшін ол 400 фунт стерлинг жұмсаған. Ал оның өлшемдері бойынша Канадада тігілген костюмнің құны шамамен екі мың фунт тұрады. 

“Мен өзімді ешқашан адам сияқты сезінбейтінмін. Әрқашан өзімді ит сияқты сезіндім", - дейді ол.

Ер адам өзін алты жасынан бастап итке ұқсатқанын алға тартты. Ол қызығушылықтарына ортақ адамдарды тапқанға дейін ешкімге өзін ит санайтынын айтпай келген екен.