"Беларусьтегі оқиғалар Қазақстанға үлкен сабақ болуы керек!" - Лукашенко

"Қазақстанда да мұндай жағдайлар бірнеше рет болды, бірақ, оның бәрі БАҚ-та жарияланбады. Онда әртүрлі банда оңтүстікте де, шығыста да төбелес шығарған..." - деді Лукашенко. 

"Беларусьтегі оқиғалар Қазақстанға үлкен сабақ болуы керек!" - Лукашенко
Фото: ашық дереккөз

Александр Лукашенко Беларусьтегі оқиғалар посткеңестік елдер үшін маңызды сабақ болуы және Қазақстан еш жағдайда "босаңсымауы" керегін айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Ол Беларусь пен шетелдің саяси шолушыларына сұхбат берді. Сұхбат барысында әлемнің түрлі аймағындағы оқиғаларға тоқталды. Оның айтуынша, мысалы, АҚШ-тағы сайлауда бәрі үнемі президенттік сайлауға араласады

"Қазақстанда да мұндай жағдайлар бірнеше рет болды, бірақ, оның бәрі БАҚ-та жарияланбады. Онда әртүрлі банда оңтүстікте де, шығыста да төбелес шығарған. Мұндай алдағы уақытта да болады. Сондықтан еш жағдайда босаңсуға болмайды. Беларусь - сіздерге маңызды сабақ. Себебі Қазақстан мен Ресей Беларусь емес. Бұл - үлкен елдер", - деді Лукашенко.

Оның айтуынша, Беларусьте наразылық шарасын ұйымдастыруға еш себеп болмаған.